БҚММУ мұражайы

Марат Оспанов атындағы БҚММУ-дің қалыпты анатомия кафедрасының анатомиялық мұражайы

«Мұражай - бұл ғылыми ойлардың орын алатын жері,
ол студенттерге жұмыс көңіл-күйін туғызуы тиіс...
Сонымен қатар, мұражайдың жобалануы бұл
жерге қайта келгін кеп тұратындай
эстетикалық тұрғыда ұстамды
болуы керек.»
проф. А.П.Сорокин

Қалыпты анатомия кафедрасының анатомиялық мұражайы 1960 жылдан бері қызмет істейді. Бұл уақыт аралығында мұражай тек университет қабырғасы мен Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де танымал болды. Біздің университетке ресми делегациялар, мектеп оқушылары, студенттер үнемі келіп тұрады және әр келген сайын міндетті түрде мұражайға экскурсия жүргізіледі.
Мұражай тарихы 1957 жылы оны құру туралы шешім қабылданған кездегі кафедралық кездесулердің бірінен басталды. Жұмыс жоспары да сол кезде жасалды, кафедраның әрбір мүшесі мұражайды ұйымдастыруға белсенді ат салысты: доц. В.В. Морозова, ассистенттер - М.Ш. Баширов, Т.К. Ждан, А.М. Гизатуллина, Г.Ф. Лашин, М.П. Образцова, И.С. Зимник. Жұмыс жоспарын ғана басшалыққа алып, мұражай құру мүмкін емес, бұл жерде ұйымдастырушылардың энтузиазмі, сарқылмайтын күші және шығармашылық көзқарасы маңызды. Идеялық шабыт беруші, ұжымды өз идеяларымен бастай алатын адамның болуы аса маңызды, тіптен басты нәрсе болып табылады. Оның жарқын үлгісі - қалыпты анатомия кафедрасының бірінші меңгерушісі, профессор Сорокин Алексей Павлович. Мұражай жобалануына арналған кез-келген ұсыныс бүкіл кафедрада талқыланған, тек содан кейін ғана ең жақсы идеялар іске асырылды.
Мұражайды бастапқыда екі залдан - тірек-қимыл аппаратының мұражайынан және ішкі органдар (іргелі) мұражайынан құру жоспарланған болатын.
Бұндай бөлім осы күнге дейін сақталған. Кафедра ғимарат ішінде тар орналасқан болса да, мұражайға арналып екі ең кең және жарық залдар бөлінді. Мұражай жиһазын (үстелдер мен шкафтар) жасаған кезде, мұражайды жоспарлау кезінде бұрынғы КСРО-ның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының (Мәскеу және Ленинград медициналық институттары) тәжірибесін пайдаланды.
1958 жылдың басында Ақтөбелік суретшілер үшін Ақтөбедегі әуе кемелерін жөндеу зауытында мұражай жиһазына, «Медучпособие» трестіндегі ылғалды препараттар және атақты анатомистер портреті галереясына тапсырыс берілді.
1958 жылдың аяғында сүйек препараттары таңдап алынды және барлық жағынан қарайтын арнайы үстелдерге орнатылды, арнайы бұрандамен қозғалысқа келтіріледі, үстелдің өзі мөлдір пластикалық қалпақпен жабылады.
Әр сүйектің негізгі қалыптасуы латын тілінде таңбаланған және мазмұндалған. Экспозициялар анатомия пәнінің оқу жоспарына сәйкес болады, яғни, жүйелі түрде; мұражай залдарында анатомия тарихы портреттерде ұсынылған, басты орынды Қайта өрлеу дәуірінің анатомистері Леонардо да Винчи мен Андрей Весалийді (Ақтөбелік суретші Ануар Өтегенов) бейнелейтін картиналар алады. Әр түрлі әдістермен жасалынған анатомиялық препараттар: диссекция, инъекция, коррозия, кептіру, бояу әрі қарай кесектерді дайындау және т.б. қойылған. Салыстырмалы және жас анатомиясы бойынша экспозициялар бар.
Айта кету керек, біраз уақыт бойы дымқыл препараттар экспозициясы «Медучпособие» трестінен тапсырыс берілген және алынған жинақ ретінде танылды.
Кафедраның қызметкерлері алғашқы күндерден бастап дайындық бойынша белсенді жұмыстарын бастады. Мұражайды препараттармен белсенді түрде толықтыру кезеңі 1960-1980 жж болып табылады. Мұражайда ресейлік жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін танымал ғалымдар дайындаған (Медицина ғылымдарының докторы, Г.В. Стельников, А.Г.Кочетков, В.В.Клебанов, В.В. Савельев, В.А. Аношкин, депутат Образцова), Германияда (Д.Р. Рун және Р.Р.), Израильде (доктор Ин Коган); біздің университетімізде (м.ғ.д., профессор Т. Үмбетов, Т.А.Әдабаев, құрметті профессор А.М. Гизатуллин) дайындалған препараттар таныстырылды.
Ең бірінші мұражай препараттары 1959-60 о.ж. біздің үйірмешілеріміз Г. Ахунова, В.Кокорева, П. Рискиндердің қолынан шыққан болатын. Тірек-қимыл аппараты мұражайында сүйек препараттарымен көрсетілген сүйек жүйелері, табиғи ылғалды препараттармен ұсынылған сүйек түйіндері және әр түрлі бұлшықет және бұлшықет мумиялары топтары фрагменттерінен препаратталып ұсынылған бұлшықет жүйесі көрсетілген. Ұзақ кептіру арқылы жасалған, құрғақ препарат бұлшықет мумиясы - мұражайдың мақтанышы болып табылады. Ақтөбедегі рентген зауытының мумие инженерлерімен кептіруге арналған құрғату камерасы жобаланып, құрастырылды. Мумия 1964-1967 жылдар аралығында ассистент Анатолий Григорьевич Кочетковтың жетекшілігімен студенттер тобымен жасалған.
Негізгі мұражайда ішкі органдар көрсетіледі. Көрме шкафтарында 360 табиғи ылғалды препараттар қойылды, тағы осыншама мөлшердегі препараттар қоймаларда сақталған. Әрбір экспонаттың өзінің жаратылу тарихы бар, өйткені табиғи препаратты өндіру - бұл анатомия, терең еңбек пен табандылықты терең білуді талап ететін ауыр жұмыс. 2002 жылдан бастап мұражайда проф. А.М.Гизатуллиннің жетекшілігімен студенттерден құралған қалпына келтіру тобы жұмыс жасайды; олардың мақсаты мұражайда бар препараттарды сақтап қалу болып табылады. 2002-2003 ж.ж. бірінші үйірмеші-реставраторлар М.Досқали атындағы емдеу факультетінің студенттері (515), Р.Досмағамбетова (112), Е Гришукова (114), М.Әлиев (106); 2005-2007 жылдары жедел білім беру факультетінің 322 топ студенттері М.Мамышева, М. Кузовкова, И.Хакимов, Ж.Ким, Д. Гаева, А. Таранов өте белсенді жұмыс жасады. Олардың барлығы біздің университетті сәтті бітіріп, дипломдарын алып, дәрігерлерлік қызметте жүр.
Негізгі мұражай жөндеуден өткеннен кейін (2010-2011 жж.), мұражай препараттарын дайындау ісі қайта жаңартылды;осы кезеңде препараттар дайындайтын белсенді студенттер қатарында Н. Ешниязов (510 емд.), Г. Кенжалиев (406 емд.), И. Бисенов (201а ЖМ), М. Алиева (221б ЖМ), Т. Галата (218б ЖМ), И. Спивактар (217а ЖМ) болды. Олардың мұражай препараттары мұражай жинағын толықтырдуға әбден лайықты болды.
Қазіргі уақытта «Анатом» ҰҚК қалпына келтіру бөлімінде 15 адам I-V курс студенттері жұмыс жасайды. Осылайша, оқытушылар мен студенттердің үлкен әскері біздің мұражайымыздың құрылуына және белсенді өміріне ат салысты. Біздің мұражай – бұл білім беру үдерісіне қойылатын ресми талаптар ғана емес. 50 жылдан астам уақыт бойы ол бүкіл қаланың жастарына тәрбиелілік, мансаптық-бағдарлы жұмыс жүргізіп келеді.Мұражай қала оқушылары мен студенттері арасында кеңінен танымал, үнемі өз қалаулары бойынша мұражайға барлық сыныптарымен және топтарымен келеді.
Мұражай экспозициялары, дизайны және экскурсия жетекшілерінің кәсібилігі туралы шолулар өте жоғары:
Джорген Нуступ, Дүниежүзілік сараптама комиссиясының мүшесі, Даниялық профессор: «Препараттардың бай әрі түпнұсқа жиынтығы.Оқу үрдісіне жақсы қосымша».
Б.Т. Жұмағұлов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі: «Мұражай соншалықты қызықты, ақпараттық, ғылыми және білім бере алуы мүмкін деп ешқашан ойлаған емеспін. Жарайсыздар! ».
Екатерина Грибовская, Қ.Жұбанов атындағы АМУ, 4 курс студенті: «Медициналық емес оқу орындарының студенттері үшін М.Оспанов атындағы мед.университеттің анатомиялық мұражайы ерекше қызығушылық туғызады, өйткені адам әрқашан өз дене құрылысы туралы, барлық мүмкін перпараттарда мұражайға қойылған адам организмінің түгел қат-қатпарын және ерекшеліктері туралы көп көріп-білгісі келеді. Әсіресе экскурсия жетекшісінің бұлшықет мумиясы мен оны жасау туралы әңгімесі маған өте ұнады. Көрсетілімге қойылған ылғалды препараттардың үлкен жиынтығы мені әртүрлілігімен таң қалдырды. Мұның бәрін жасауға және сақтаа қалуға көп күш жұмсалған болуы керек.. Осындай мұражайларға бару маған әрқашан өте қызықты және мол ақпарат аламын».
Алена Марченко, Ақтөбе қ., №25 ОМ 10 сынып оқушысы: «Біздің қаламыздың көрнекті орындарының бірі - анатомиялық мұражай. Мұражайға барып мен көп әсер алдым. Біздің назарымызға көптеген әртүрлі экспонаттар ұсынылды. Ең есте қалғаны - туа біткен патологиясы бар балалар мен аурулардың органдары. Бізге зиян әдеттердің ауыр әсерлері туралы әңгімелеп берді және олардың нәтижесін анық көрсетті. Көптеген қызықты және пайдалы ақпараттарды көріп-білуге мүмкіндік туғызған мұражай қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді».
Мерей Алиева, «Жалпы медицина» факультеті, 321 «Б» тобының студенті: «Мен анатомиялық мұражайға 1 курста, адам анатомиясы курсын оқуды бастамай тұрып бардым. Мұражайда мені қызықтырған препаратталған тамыр, жүйке, бұлшық еттер сияқты дымқыл препараттар болды, ал ең ерекше таң қалдырған бұл коррозиялық препараттар еді.
Медицинадан хабары жоқ адамға бронх ағашын немесе бауырдың қан тамырлар желісін түрлі-түсті «бұтақшалар» арасынан табу қиын болады. Мұражайда болғаннан кейін анантомияны зерттеуге деген зор қызығушылық туды. Қазір мен 3 курс студентімін және анантомиялық үйірмеде ерекше ықыласпен жұмыс жасаймын, осы уақытқа дейін бір мұражай препаратын дайындап та үлгердім».
2010-2012 жылдар аралығы кезеңінде мұражай қызық, жаңа жұмыстармен толықтырылды, оның ішінде формасыз бекіту арқылы препараттау әдісімен жасалған препараттарды атай кету керек, ол – ми және жүрек тамыр артериясы препараты, сондай-ақ, самай сүйегі пирамидасынан алынған «Дыбыс сүйектері» препараты. Жыныстық ерекшеліктерді және бас сүйегі құрылымының нұсқаларын көрсететін бас сүйегінің экспозициясы дайындалды.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ-дың Қалыпты анатомия кафедрасының анатомиялық мұражайының қалыптасу тарихы - бұл оқытушылар мен студенттер жасаған зерттеулердің және ғылыми қызметтегі ынта-жігердің үлгісі. Мұражайдың «жаңғыруына» қарамастан, Андрей Весалий мен Леонардо да Винчи заманының рухы сақталып қалды; студенттер мен қызметкерлер «Hiсlocusest, ubimorsgaudetsuccuraevitae» («Мұнда өлім (өлі) өмірге көмектесуге қуанышты) деген ежелгі адамдардың сөздерін есте сақтап, құлақ асады.
Анатомиялық мұражайымыздың өз құндылықтары бар. Бұл «имидж» сәнді түсінігіне кіретін нәрсе ғана емес, ол – мәдениет, білім және ғылым үрдісіндегі жаңалықтардың көрсетілімі, білім бастауы. Бұның бәрі біздің кафедраның және жалпы университеттің мақтанышы.

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...