Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
1. Тарихы:
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Депараментінің құрамдас бөлімі болып қалыптасты. Бұға дейін бөлім студенттердің кәсіби практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімі болып аталып келді.
АқММИ емдеу факультеті студенттерінің кәсіптік практикасы алғаш 1961 жылы ұйымдастырылды. Құрылымдық бөлімшені құрудағы мақсат студенттердің жазғы өндірістік практикасын Ақтөбе қаласының базаларында ұйымдастыру болатын. 2005 жылға дейін кәсіптік практика бөлімі өз алдына құрылымдық бөлімше болды. Әртүрлі уақыттарда ЖОО-да студенттердің кәсіптік практика жетекшілері қызметін А.Т. Турапин, Л.Г. Памурзин, Г.Б. Ахметгалиев атқарған.
2005 жылдан бастап, академияның Оқу-әдістемелік басқаруына, кейін университеттің ОӘО-на енді. 2004 ж. қыркүйегінен 2006 ж. қыркүйегіне дейін бөлім жетекшісі болып м.ғ.к. А.А. Бурхард, 2006 жылдан 2008 жылдың наурызына дейін доценттің м.а. С.Ю. Шиканова, 2008 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін м.ғ.к., доценттің м.а. А.С. Алмагамбетова қызмет етті. Осы уақытта кәсіби практика бойынша әдіскер лауазымы енгізілді. Әдіскер лауазымын 2005 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың шілде айына дейін М.А. Артыкбаева, 2010 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қаңтар айына дейін Г.А. Абишева, 2014 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың қыркүйек айын дейін маман Л.Б. Абдикаликова атқарып келді.
2012 жылдың шілде айынан бастап бөлім студенттердің кәсіби практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімі болып өзгертілді. 2012 жылдан бастап түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингінің маманы болып Урдагалиева Н.К. қабылданды.
Университеттің қайта құрылуына байланысты 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап түлектердің жұмысқа орналастыру сапасын жақсарту және оңтайландыру мақсатында бөлім түлектердің жұмысқа орналастыру бөлімі болып атауын өзгертті. 2019 жылдың тамыз айынан қазіргі таңға дейін маман ретінде Л.Б. Абдикаликова жұмысын жалғастырды., және бөлім штатына А.С. Мухтасарова қабылданды. Білім алушылардың кәсіби практикасы деканаттардың функцияларына ауысты.
2. Бөлімнің құрылымы және құрамы:
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі таңда түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Депараментінің құрамдас бөлімі болып табылады. Бөлім жетекшісі - Алмагамбетова Алтын Сатыбалдиевна - м.ғ.к, фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының доценті, жоғары санатты фтизиатр-дәрігер. 75 астам ғылыми басылымдардың, 4 авторлық куәліктің, әдістемелік нұсқаулардың авторы. Ол "Кәсіптік практика бойынша Ереже" (2009, 2014 ж.), «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша Ереже» (Ақтөбе, 2015 ж.), "Практика туралы Ереже" (Ақтөбе, 2020 ж.), "Марат Оспанов атындағы БҚСУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Ереже" (Ақтөбе, 2020 ж.) жасақтады.

Алмагамбетова Алтын Сатыбалдықызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшісі
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің қызметкерлері:

Абдикаликова Лаура Бекенқызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша маман

Урдагалиева Нұргүл Қайратқызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша маман
(декреттік демалыста)
Әміржанова Ақбота Талғатқызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша маман
3. Бөлімнің мақсаты:
Бакалвриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура түлектерін жұмысқа бөлу бойынша іс шаралар өткізу, Марат Оспанов атындағы БҚМУ түлектерінің жұмысқа орналасуына көмек беру және мониторинг жүргізу
4. Бөлімнің негізгі міндеттері:
* бітірушілердің жұмысқа бөлінуін және жұмыспен қамтылуын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру
* университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іскери серіктестермен, жұмыс берушілермен қарым-қатынасты ұйымдастыру
* түлектер бойынша мәліметтер қорын қалыптастыру
* Батыс Қазақстанның 5 облысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау Басқармаларынан мамандарға қажеттілік туралы ақпарат жинау
* университеттің түлектерін алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлу үрдісін ұйымдастыру және өткізу
* түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу
* жас мамандардың 1-3 жыл ішінде бөлінген жұмыс орнында бекітілуін мониторингілеу
* жұмыс берушілер мен түлектерді арасында сауалнама жүргізу
* ҚР БҒМ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі туралы есептер даярлау.
* университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іскери серіктестермен, жұмыс берушілермен қарым-қатынасты ұйымдастыру
* түлектер бойынша мәліметтер қорын қалыптастыру
* Батыс Қазақстанның 5 облысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау Басқармаларынан мамандарға қажеттілік туралы ақпарат жинау
* университеттің түлектерін алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлу үрдісін ұйымдастыру және өткізу
* түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу
* жас мамандардың 1-3 жыл ішінде бөлінген жұмыс орнында бекітілуін мониторингілеу
* жұмыс берушілер мен түлектерді арасында сауалнама жүргізу
* ҚР БҒМ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі туралы есептер даярлау.
5. Бөлімнің жетістіктері:
Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі сауалнамалар жасақтады:
* түлектер үшін ұсынылған жұмыс жағдайының сапасына қанағаттануы бойынша;
* жұмыс берушілер үшін түлектердің дайындық сапасына қанағаттануын бағалау бойынша;
* «Кәсіптік практика бойынша ереже» (2009, 2014 жж.) мен «М.Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы бойынша және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі ережесі» (Ақтөбе, 2015ж., 2018ж.), "Практика туралы Ереже" (Ақтөбе, 2020 ж.), "Марат Оспанов атындағы БҚСУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Ереже" (Ақтөбе, 2020 ж.) жасақталды.

Университетте практика және одан әрі қарай түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша клиникалық базаларының кеңейтілген желісі бар (Батыс Қазақстанның 5 облысының және Қостанай облысының облыстық және аудандық орталықтарда 106 клиникалық база).
Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін сапалы жүргізу мақсатында Батыс Қазақстанның 5 облыстық Денсаулық сақтау басқармаларынан мамандарға қажеттілілік, түлектердің жұмыс орнына жетуі және орналасуы туралы ақпарат жинақталады, түлектер мен жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіледі. Жыл сайын Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге мекемелердің қатысуымен жас мамандардың алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлінуі (бос орындар жәрмеңкесі) өтеді.

Жас мамандарды алдын ала және қорытынды жұмысқа бөлу ("Бос орындар жәрмеңкесі")
Бітіруші түлектермен жұмысқа орналасу сұрақтары, ауылдық квотамен оқыған түлектердің өз ауылдарына барып жұмыс атқаруының қажеттілігі, резидентура мен магистратураға, докторантураға түсу шарттары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу мониторингі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.