Студенттердің кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімі

МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БҚММУ АЖД  СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ПРАКТИКАСЫ ЖӘНЕ
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІ

1. Тарихы:

  АқММИ емдеу факультеті студенттерінің кәсіптік практикасы алғаш 1961 жылы ұйымдастырылды. Ол кезде жалпы ЖОО-ның емдеу факультеті 4 курс студенттерінің кәсіптік практикасына жетекші болып травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті А.Н.Волков тағайындалған болатын. Жетекшінің қызметі қоғамдық жұмыссипатында болған. Құрылымдық бөлімшені құрудағы мақсат емдеу факультетінің 4 курс студенттерінің жазғы дәрігерлік өндірістік практикасын Ақтөбе қаласының клиникалық базаларында ұйымдастыру болатын.
  Әртүрлі уақыттарда ЖОО-да студенттердің кәсіптік практика жетекшілері қызметін А.Т.Турапин, Л.Г.Памурзин, Г.Б.Ахметгалиев атқарған. 2005 жылға дейін кәсіптік практика бөлімі өз алдына құрылымдық бөлімше болып, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректорға тікелей бағынды.
  2005 жылдан бастап, кәсіптік практика бөлімі академияның Оқу-әдістемелік басқармасының, кейін университеттің ОӘО құрамына енді. Осы кезде кәсіптік практика бойынша әдіскер лауазымы енгізілді. 2005 жылдың сәуір айынан бастап 2010 жылдың шілде айына дейін әдіскер қызметін М.А.Артықбаева, 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың қаңтарына дейін Ғ.А.Абишева атқарды, ал 2014 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіптік практика бойынша маман болып Л.Б. Абдикаликова табылады.
 2004 ж. қыркүйегінен бастап 2006ж. қыркүйегіне дейінгі аралықта бөлім жетекшісі болып м.ғ.к. А.А.Бурхард, 2006 жылдан 2008 жылдың наурызына дейін доцент м.а. С.Ю.Шиканова қызмет етті. 2008 жылдың наурызынан бастап қайта ұйымдастырылған ОӘО-да кәсіптік практика бөлімінің жетекшісі болып, қазіргі күнге дейін осы қызметті қызмет атқарып отырған м.ғ.к., доцент м.а. А.С.Алмагамбетова тағайындалды.2013 жылдың шілде айынан бастап бұл бөлім студенттердің кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімі болып қайта құрылды.Бұған дейін түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингімен интернатура, бакалавриат деканаттары айналысқан болатын.2012 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингінің маманы қызметіне Н.К.Урдагалиева қабылданды. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс сапасын оңтайландыру және жетілдіру мақсатындабөлім штатына түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі маманы ретінде А.Т. Әміржанова тағайындалды.

2. Бөлімнің құрылымы және құрамы:

  Қазіргі таңда студенттердің кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімі университеттің Академиялық жұмыстар бойынша Департаменті құрамында қызмет етеді. Бөлім құрамында жетекші, м.ғ.к. А.С.Алмагамбетова және 3 маман – кәсіптік практика жөніндегі маман Л.Б.Абдикаликова және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша маман Н.К.Урдагалиева, А.Т.Әміржанова еңбек етуде.
  Білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімінің жетекшісі - Алмагамбетова Алтын Сатыбалдиевна - м.ғ.к, фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының доценті м.а.,жоғары санатты фтизиатр-дәрігер. 55-тен астам ғылыми басылымдардың, 2 авторлық куәліктің, әдістемелік нұсқаулардың авторы; "Жалпы медицина" мамандығы бойынша Академиялық Комитетінің төрағасы. Оның жетекшілігімен "Кәсіптік практика бойынша Ереже" (2009, 2014 ж.) және «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша Ереже» (Ақтөбе, 2015 ж.)әзірленді.

almagambetova 

Алмагамбетова Алтын Сатыбалдықызы
Студенттердің кәсіптік практикасы және
түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімінің жетекшісі


Студенттердің кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімінің қызметкерлері:
abdi

Абдикаликова Лаура Бекенқызы
Кәсіптік практика бойынша маман

urda

Урдагалиева НұргүлҚайратқызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша маман

amirzhanova

Әміржанова Ақбота Талғатқызы
Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бойынша маман

 

3. Бөлімнің мақсаты:

Батыс Қазақстанның 5 өңірінде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының) орналасқан университеттің клиникалық базаларында студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыру; университеттің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іс шаралар өткізу және мониторинг жүргізу.

4. Бөлімнің негізгі міндеттері:

* мамандықтардың Академиялық комитеттерімен бірлесе отырып, тиісті құзыреттіліктерге сәйкес кәсіптік практиканың түрін және көлемін анықтау;
* практиканы өту үшін база болып саналатын мекемелермен келісімшарттар рәсімдеу;
* кәсіби практика мәселелері бойынша ЖОО бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
* практиканың жұмыс бағдарламаларының (силлабустарының) дер кезінде әзірленуін, олардың типтік бағдарламаларға сәйкестігін бақылау («Фармация», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша);
* кафедралардың кәсіби практиканы ұйымдастыруын және жүргізуіне, оны өткізу мерзімі мен мазмұнының сақталуына бақылау жүргізу;
* практика нәтижелері бойынша жауапты кафедралардың есептерін талдау және оқу жылындағы барлық мамандықтар бойынша кәсіби практика есебін дайындау;
* ЖОО есебінің кәсіби практика бойынша тарауын құрастыру;
* практика бойынша іс қағаздарын жүргізу;
* оқу және оқудан тыс уақыттардағы кәсіби практика кестесін жасау;
* кәсіби практиканың формалары мен әдістерін жетілдіру;
* кәсіби, оқу және өндірістік практика мәселелері бойынша ректор өкімдері мен бұйрықтарының жобаларын дайындау;
* ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуларының мониторингін жүргізу;
* Жұмыс берушілердің мамандар даярлау сапасын бағалау бойынша жүргізген сауалнама нәтижелерін талдау;
* ҚРБҒМ және ҚРДенсаулық сақтау министрлігіне түлектердің жұмысқа орналасу мониторингі бойынша есептер беру

5. Бөлімнің жетістіктері:

  Білім алушылардың кәсіптік практикасы жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Ол оқу барысында алынған білімді бекітуге және мамандығы бойынша практикалық дағдылар мен құзіреттіліктерді игеруге бағытталған. Барлық факультеттердің1-5 курстарында кәсіптік практика 2006, 2009, 2012 жж. МЖББС,практика бойынша директивті құжаттарға, ТОБ-на; практика бойынша Силлабустарға сәйкес жүзеге асырылады. 1-5 курс аралығында барлық факультеттер бойынша практиканың 29 түрі қарастырылған. Кафедраларда өндірістік практика директивті және оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілген. Кәсіптік практика университеттің білікті ОПҚ-мен өткізіледі. Білім алушылардың күнделіктері, студенттер мен практика жетекшісінің есептері, практикалық дағдылар парағы, дифференциалдық сынақ бойынша бағалау парағы, практика үшін электронды журнал жаңартылды; түлектер мен жұмыс берушілер үшін практика жағдайларын бағалау бойынша сауалнамалар әзірленді. Бөлім «Кәсіптік практика бойынша ережені» (2009, 2014жж.) және «М.Оспанов атындағы БҚММУ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы бойынша және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі ережесін» (Ақтөбе, 2015ж., 2018ж.) жасап шығарды.

1                2 
   Университеттің практика және түлектердің одан әрі қарай жұмысқа орналасуы бойынша клиникалық базаларының желісі кеңейтілді; Батыс Қазақстанның 5 облысы көлемінде облыс және аудан орталықтардағы 90 емдеу мекемелерімен, сондай-ақ Дели қаласының (Үндістан) 2 клиникалық базасымен келісімшарттар жасалды. Жыл сайын «Жалпы медицина» мамандығының 2, 3, 4, 5 курс  (1000-ға жуық студент) студенттері жазғы практиканы тұрғылықты мекен-жайлары бойынша өтуге барады. 2014 жылдан бастап Орал, Қызылорда, Ақтау, Атырау қалаларының облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау Департаменттері клиникалық базаларының құрамына енуіне байланыстыоларға «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина-профилактикалық іс» мамандықтарының студенттері практикаға баратын болды. Практика өту барысында студенттерге жол жүру ақысы және тәуліктік шығындары төленеді. Сондай-ақ, HospitalBahadurgarh,  MataRoopRaniMaggoHospital клиникалық базаларымен келісім шарттар жасалды.

                      3   4

     foto1 foto2 foto3
   Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушылардың жазғы практиканы Казақстанның басқа ЖОО-да (Алматы, Қарағанды, Астана) және жақын шет елдерде өтуге мүмкіндіктері бар. Жыл сайын «Жалпы медицина» факультетінің 2-3 курс студенттері Орынбор, Астрахань, Саратов, Самара қалаларына практикадан өтуге барады. Бөлім кері байланысты жүзеге асыру мақсатында студенттердің арасында практиканың өту барысына қатысты сауалнама жүргізеді.

      foto4 foto5
Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін сапалы жүргізу мақсатында Батыс Қазақстанның 5 облысының Денсаулық сақтау басқармаларынан мамандарға деген қажеттіліліктері,түлектердің жұмыс орнына жетуі және орналасуы туралы ақпарат жинақталады, түлектер мен жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіледі. Жыл сайын ОДСБ, ҚР ДСМ ҒАРД-дың қатысуымен түлектердің  алдын ала және нақты бөлінуі (бос орындар жәрмеңкесі) өткізіледі.

     6     7 

ОДСБ, ҚР ДСМ ҒАРД-дың қатысуымен түлектердің  алдын ала және нақты бөлінуі (бос орындар жәрмеңкесі)

       8      9
   Болашақ түлектермен жұмысқа орналасу мәселелері, ауылдық квотамен оқыған түлектердің өз ауылдарына барып өтемдік жұмыс атқару мәселелері, резидентура мен магистратураға түсу шарттары бойынша жұмыс берушелірмен, жас мамандармен кездесулер ұйымдастырылады.
   Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу сапасын жақсарту мен оңтайландыру, олардың болашақ мамандықтарының тәжірибелік дағдыларын меңгеру, университет түлектерінің жұмысқа орналасу мониторингі жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

banner gal

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • "Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ" көрмесі
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  • Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
    Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы
  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • Выставка
    Выставка "Н. НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО"
  • Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
    Глобальная конференция по первичной медико-санитарной помощи
  • Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат (ЗКГМУ имени Марата Оспанова)
    Визитинг - профессора Саджад Ахмад Бхат
  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    Марат Оспанов атындағы БҚММУ-не 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ им. Марата Оспанова!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...