Резидентура бөлімі
Резидентура бөлімі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (резидентура) білім беру бағдарламаларының миссиясы «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Даму бағдарламасымен миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстанның Батыс аймағында практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктерін ескере отыра әзірленді. Ол қазіргі заманғы серпінді дамып келе жатқан жағдайда өмір бойы білім алу арқылы өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын дәрігерді даярлайтын, сондай-ақ қоғамның, мемлекеттің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыратын белсенді азаматтық позицияға ие болатын практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешу мақсатында өзінің кәсіби қызметін заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып сапалы орындайтын жоғары білікті бәсекеге қабілетті дәрігер даярлаудан тұрады.
Саясат:
- аурулар туралы заманауи теориялық білімі бар резидентті оқыту, рационалды диагностикалаудың, емдеудің, ересектер мен балалардағы аурулардың алдын-алу принциптері мен әдістері;
- коммуникативті дағдыларды, медициналық психология мен деонтология бойынша білім, білік және практикалық дағдыларды үйрету;
- жас, физиологиялық аспектілерді ескере отырып, әртүрлі органдардың таралған патологияларын емдеу әдістеріне үйрету;
- манипуляциялар жүргізуге арналған білім, білік және практикалық дағдыларды үйрету;
- резиденттерді кезек күттірмейтін жағдайларда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге үйрету;
- резиденттерді халықты тәрбиелеу, саламаты өмір салтын қалыптастыру, скрининг өткізу арқылы балаларды және ересек тұрғындарды динамикалық бақылау бойынша сауықтырушаралары мен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүрізуге үйрету;
- өз жұмысын ұйымдастыруда менеджмент қағидасын қолдануға, медициналық және есепке алу- есептік құжаттамаларды жүргізуге және науқастарға дәрігерлік-еңбектік сараптамасын өткізуге үйрету.
Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.
Резидентурада мамандар даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Резидентураныңкәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесі «Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №660 бұйрығымен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады. Резидентурада кадрлар даярлау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі№647 бұйрығымен бекітілген (21.02.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
2020-2021 оқу жылында резидентура бағдарламасына 23 мамандық бойынша білім алушылар қабылданды:
- мемлекеттік тапсырыс есебіне – 159,
- Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының ЖАО есебінен – 59,
- ЖО – 21 есебіне,
- өз қаражаты есебінен – 26.
Резидентура бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылында
білім алушылар контингенті
2021 жылы резидентурада кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
2021 жылы резидентурада кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
2020-2021 оқу жылындағы резидентура бағдарламасындағы студенттер контингенті
№
|
Шифр
|
Мамандық атауы
|
Резиденттер саны
|
|
1.
|
7R001
|
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы
|
29
|
|
2.
|
7R004
|
Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы
|
-
|
|
3.
|
7R008
|
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы
|
2
|
|
4.
|
7R011
|
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары
|
50
|
|
5.
|
7R012
|
Дерматовенерология, жұқпалы аурулары дерматолвенерологиясы
|
6
|
|
6.
|
7R013
|
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы
|
30
|
|
7.
|
7R017
|
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы
|
83
|
|
8.
|
7R018
|
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы
|
6
|
|
9.
|
7R020
|
Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы
|
16
|
|
10.
|
7R021
|
Жақ сүйек-бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақ сүйек-бет хирургиясы
|
18
|
|
11.
|
7R023
|
Балалар хирургиясы
|
13
|
|
12.
|
7R024
|
Онкология (ересектер)
|
15
|
|
13.
|
7R025
|
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы
|
30
|
|
14.
|
7R026
|
Урология және аңдрология, соның ішінде балалар урологиясы мен аңдрологиясы
|
21
|
|
15.
|
7R027
|
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы
|
12
|
|
16.
|
7R028
|
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингоологиясы
|
22
|
|
17.
|
7R030
|
Педиатрия
|
23
|
|
18.
|
7R0ЗІ
|
Неонатология
|
19
|
|
19.
|
7R032
|
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы мен гинекологиясы
|
70
|
|
20.
|
7R036
|
Жалпы хирургия
|
6
|
|
21.
|
7R037
|
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы
|
35
|
|
22.
|
7R038
|
Отбасылық медицина
|
70
|
|
23.
|
7R039
|
Терапия
|
19
|
|
24.
|
7R042
|
Клиникалық фармакология
|
19
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
614
|