Кітапхана туралы

   Ақтөбе Мемлекеттік Медицина институтының кітапханасының ұйымдастырылуы институттың барлық бөлімдерінің қалыптасуымен қатар, 1957 жылы басталды. Ең алғашқы қызметкерлері – Нина Николаевна Девятова мен Зоя Амиржанқызы Кинжегулова болатын.
Алғашқы оқу жылының басына қарай кітапхана қоры Кеңес Одағының жетекші медицина оқу орындарының: 1 және 2 Мәскеу, Харьков, Пермь, 1-Ленинград медицина институттарының, Мәскеу қаласының Әскери-теңіз Академиясы мен В.И. Ленин Кесенесінің жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасының кітапхана қорларынан түскен оқу құралдарымен, монографиялармен және т.б. кітаптармен толықтырылып, барлығы он мың ғана оқулықтан құралды.
  1961-1972 жылдар аралығында кітапханаға Епишкина Лидия Ивановна жетекшілік етті. Ол осы уақыт ішінде кітапхана қорын 280 мың дана кітапқа жеткізіп, ұйымдастыру мен толықтыру бойынша зор жұмыстар жасады. Картотекалар, пәндік және жүйелік каталогтар жасалып, әріптік каталог қайтадан құрылды. Кітап қоры институттың оқу және ғылыми бағдарламаларын ескере отырып жасақталды, КАА (кітапхана аралық абонемент) пайдалану бойынша жұмыстар нақты жолға қойылды. Кітапханада талқылауларға ұласып отырған оқырмандар конференциялары, әдеби кештер өткізілді.
Осы жылдар ішінде кітапхана ұжымы білікті мамандармен толықтырылып, қызмет етуге жаңа білікті кадрлар В.И. Трифонова, А.И. Борадулина, Р.П. Яцук, Б.П. Ишеева, С.С. Танирбергенова, Г.И. Гончарова, Е.И. Потякин, З.Ф. Гагокина, А.И. Мерзликина, Л.А. Кабышева, А.П. Брокоп, З.Г. Хабибуллина, М.М. Ионас, Л.Н. Лазарева, К.Ш. Сатарова және т.б. келді.
1972-1994 жылдар аралығында кітапхананы Д.Г. Зайнуллина басқарды. Аталмыш кезеңде студенттерге топтық қызмет көрсету, оқытушы-профессорлық құрамға дифференциалды қызмет көрсету әдістері енгізілді, оқу залдары мен әдебиеттер берудің қосымша пункттері ашылды; кітапханаға жаңа мамандар Е.И. Павленко, Н.И. Изимова, К.С. Туткушева, С.С. Темирбаева, К.Д. Хайрикенова, Г.А. Төрежанова, Ш.Е. Таильбекова, Ш.Б. Тажимбетова және т.б келді.
  Әр түрлі уақыттарда, 1994 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта кітапханаға З. Бекмуханбетова мен Ш. Бисембина басшылық етті; бұрынғыдай кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппараты мен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету істері өзінің қалыптастырылуын жалғастыра берді.
2005 жылдан кітапханаға Г.А. Төрежанова басшылық етуде. Кітапхананың ұжымы жаңа кітапханалық істің жас мамандарымен – И.И. Кряжова, У.Ж. Бишенова, О.А. Кирильчук, Г.Т. Жайляуова, К.К. Аманжурова, Р.Х. Еналеева, Л.А. Сырбова, М.С. Темирова, П.К. Даутова, З. Оразалиева және т.б. толықтырылды.
  Осы уақыттан бастап кітапханада жаңа кезең – электронды технологияларды меңгеру және интеграцияланған кеңейтілген кітапханалық – ақпараттық «ИРБИС» жүйесі бойынша кітапханалық үрдісті автоматтандыру басталды.
2012 жылға қарай кітапхана қоры 560 мың дана бірліктегі электронды, мультимедиялық оқулықтар мен білім беру бағдарламалары мен оқулықтарды қоса алғандағы ғылыми және оқу әдебиеттерін сақтауды жүзеге асыруда.
Кітапхананың заманауи материалдық-техникалық базасы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін мамандандырылған оқу залдарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен студенттер үшін – 5 абонемент, 4 оқу залы, ғылыми-оқу ресурстарымен жұмыс жасауға арналған зал (электронды кітапхана), ғаламтор залы қызмет етуде. Оқытушылар мен студенттердің өз бетінше жұмыс жасауы үшін университет кітапханасы «Дәрігер кеңесшісі», «Студенттер кеңесшісі», EBSCO «Кохран кітапханасы», «Параграф», «Медицина параграфы» және т.б. қашықтағы мәліметтер базасы мен электронды кітапханалармен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынуда. Қазіргі таңда кітапхананы пайдаланушылар үшін 30 толық мәтінді дерекқор бар. Құжатты электронды түрде жеткізу қызметі енгізілген.
  Анықтамалық-библиографиялық аппарат пәндік, жүйелік, әріптік және электронды каталогтар түрінде ұсынылған. Құжаттарды ғылыми өңдеу КАА және «Медициналық айдарлар», «Медициналық пәндік айдарлар» Тезаурестың орысша нұсқасының» толық 4-басылымы бойынша жүргізіледі. ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық – ақпараттық жүйесі негізінде жасалған электронды каталог «Кітаптар», «Оқу үдерісін кітаптармен қамтамасыз ету», «Мақалалар», «Мемлекеттік тілдегі құжаттар», «Шетел тіліндегі құжаттар», «Электронды оқулықтар», «Қызметкерлердің ғылыми еңбектері» библиографиялық мәліметтер базасын қамтиды. Пайдаланушыларға қызмет көрсетудің барлық орындарында электронды каталогқа қол жеткізу мүмкіндігі бар.
 Кітапхананың қызметі медициналық білім, ғылым және денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағыттарын ақпаратты қолдауды өрістетуге бағытталған.Өзінің қызметтерін атқара және оларды жұмыстың жаңаша формаларымен толықтыра отырып кітапхана өзінің үздік дәстүрлерін сақтап, жаңа сапалық өрлеуге ұмтылуда.kol bib

Марат Оспанов атындағы БҚММУ кітапхана ұжымы (2016)

  

  

 mediki vrachirepo

logotiv web

osmsbankz

antikorkz

muzei

erasmusbanners1

 

 

  • Видео - министр здравоохранения
  • Здоровье каждого - зависит от нас самих...

    Здоровье каждого - зависит от нас самих...

  •  LVII научная конференция студентов и молодых учёных

    LVII научная конференция студентов и молодых учёных

  • 50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    50-летие СНО ЗКГМУ имени Марата Оспанова

  • БҚММУ 60 жыл!

    БҚММУ 60 жыл!

  • 60 лет ЗКГМУ!

    60 лет ЗКГМУ!

  • Встреча выпускников

    Встреча выпускников

  • Опыт израильских хирургов

    Опыт израильских хирургов

  • Учитель истории

    Учитель истории

  • Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    Программа визитинг-профессора Гаспаряна А.Ю. в ЗКГМУ им. Марата Оспанова

  • Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
    Воспитательная работа кафедры нормальной и топографической анатомии
  • Латинский

    Латын тілі дәрігерледің

  • Жерлестер форумы

    Жерлестер форумына 

  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    ОСМС Обязательное социальное медицинское страхование

  • Рейтинг ВУЗов
    Рейтинг регионов, НИИ, высших учебных заведений...
  • История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    История Итоговой научной конференции студентов ЗКГМУ...

  • 60-летию видео
    Фильм посвященный к 60-летию ЗКГМУ им. Марата Оспанова
  • LVI научная конференция студентов и молодых учёных ЗКГМУ имени Марата Оспанова

    LVI научная конференция студентов и молодых учёных...

  • Хор

    Хор "Ювентус" ЗКГМУ имени Марата Оспанова