Кәсіподақ ұйымының қызметкерлері
Кәсіподақ ұйымының мүшелері
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің құрылғанынан бастау алатын Кәсіподақ ұйымы бүгінде өз жұмысын абыроймен жалғастыруда. Университетіміздегі кәсіподақ ұйымында 3 кәсіподақ бюросы өз сметасы және бекітілген кәсіподақ бюджетімен жұмыс атқарады. Оқу орнында 3 цехтық комитеттер бар: оқу ғимаратында, медицина орталығында және студенттер комитеті.
Бастауыш Кәсіподақ ұйымының төрайымы Гаухар Аққонысқызы Молдина, мамандығы-педагог. 2011 жылдың 4 маусымынан бастап кәсіподақ ұйымының төрайымы міндетін атқарып келеді. Ұстанымы – қай істің болсын, өнуіне 3 түрлі шарт керек, ол – ниет, күш, тәртіп.
Молдина Г.А.
Сонымен қатар ұйым комитетінің 2 орынбасары бар: медицина орталығы бойынша – орталық лаборатория меңгерушісі Кулпаршин Иванқызы Кубенова, студенттер бойынша - университет магистрі Жангелді Мырзагелдіұлы Шаймбетов
Кубенова К.И. Шаймбетов Ж.М.