Жаңалықтар

20-мамырда «Жалпы медицина» факультетінің 105-тобы мен Ақтөбе қаласындағы № 24 лингвистикалық гимназияның 11-сынып түлектері арасында кездесу өтті. Студенттер БҚММУ жарқын өмірі туралы, оның факультеттері, бағыттары мен үйірмелеріне қатысты ақпарат берді. «Дәрігерлер қатарын толтырайық» атты презентациясы дайындалып ұсынылды. Студенттер жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық, абитуриентке қойылатын талаптар туралы мәлімет берді. Түлектерге университет студенттерінің ғылыми, спорт және шығармашылық жетістіктері, сонымен қатар, мамандықтар бойынша бағдарламаларының құрылымымен танысуға мүмкіндік берді. Біздің студенттер жоғарғы оқу орнына түсу үшін қажетті пәндер туралы өз ойларымен бөлісті. Мультимедиялық презентация көмегімен оқушыларға университетке қабылдау ережелері, шарттары мен студенттерді оқыту ерекшеліктері, сонымен қатар, БҚММУ инфрақұрылымына тоқталды. Осындай кездесулер жай сандар мен баяндамаларға қарағанда, кәсіби бағыттық жоспарда көп үлесін тигізеді. Әңгіме барысында оқушылар қызықтыратын мамандықтар бойынша көптеген сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Диалог түлектерге де, студенттерге де қызықты болды. 11-сынып оқушыларына БҚММУ туралы жарнамалық және ақпараттық парақшалар таратылды. Бұл кездесу орыс тілі курсы оқытушылары А.К. Дербисалина және Г.К. Кулмухамбетованың ұйымдастыруымен өтті.
16-20 мамыр аралығында «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенттеріне Ішкі аурулар пропедевтикасы және клиникалық кафедрасының ұйымдастыруымен тәжірибелік дағдылар бойынша алдын ала дайындық сабақтары жүргізілді. 5 күндік алдын ала емтиханға дайындық сабағы Марат Оспанов атындағы БҚММУ Медицина орталығы базасында, Оқу-клиникалық орталығында әр топтың сабақ уақыты мерзіміне сай өткізілді. Сабақтың өткізілу мақсаты: студенттердің жазғы тәжірибесін меңгеруін ұқыптау. Игеруге арналған дағдылардың ішінде таңдамалы тақырыптар төмендегідей болды: 1.Антропометрия. 2.Ауыр науқастың төсегін алмастыру (көлденең және ұзынынан). 3. Ауыр науқастардың тері күтімі. 4. Ауыр науқастарды тамақтандыру. 5. Қолды жуу. Тәжірибелілік дағдыларын игеру барысында бөлмелерде арнайы жасақталған манекендер мен құрал-саймандар қолданыста болды. Алғашқы ассистенттік үлгі-көрсетілімнен кейін студенттермен қайтымды байланыс орнатылды. Қайтымды байланыс сабақ соңында студенттердің ассистенттердің түсіндіріп , көрсетіп, үйретуіне қанағаттанғандығы, манекенмен жүргізілген тәжірибенің ыңғайлылығы, өздерінің қолдарын үйретуімен жалғасты. 2 ассистент- Танмаганбетова Ажар Юсуповна және Нурманова Зухра Сейтхановна студенттерді күтіп алып, тексеріп, жоспарға сай сабақ жүргізді.
25-мамыр біздің ағзамыздағы  «көбелек» ауруына қарсы күреске арналған дүниежүзілік қалқанша без күні болып саналады. 17-мамыр күні мереке қарсаңында университеттің ең белсенді кафедраларының бірі – эпидемиология кафедрасы 5-курс студенттерін Ақтөбе облыстық диагностикалық орталығындағы науқастарға танымдық акция жүргізуге жігерілендірді. Оқудың жаңа кезеңінің қарсаңында тұрған жоғары курс студенттері науқастарды қызықтырып, болашақ терапевт, педиатр және акушер-гинеколог ретінде ересектер, балалар мен жүкті әйелдер үшін без ауруының қаупі жайында айтқан болатын. Тыңдаушылар белсенді сұрақ қойып, талқылауға қатысып, өздерінің шағымдары жайында айтты. Адамдардың өз денсаулығына және болашақ дәрігерлердің сапалы біліміне қызығатындығына дәлел болатындай әсерлі шара болды. Шараны ұйымдастырушылар презентацияларында қалқанша безі гормонының жоқтығын және тапшылығының клиникалық көрінісін, диагностика әдістерін, сонымен қатар, алдын алу шаралары туралы тақырып қозғады.Соныңда студенттер диагностикалық орталықтың барлық науқастарына йодтың көзі ретінде йодталған тұз пакетін және алма таратты. Бұл акция осы орталық дәрігері, қызығушылық танытқан тыңдаушының өзі шығарған өлең жолдарымен қорытындыланды.
21-22 мамырда «Жастар» ОБЖСМ-де ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ерлер және әйелдер арасында гір спорты мен қол күресінен облыс чемпионаты өтті. Жарысқа құрылыс және бизнес колледжі, политехникалық колледж, гуманитарлық колледж, №1 лицей, құрылыс және монтаж колледжі, Т. Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, «Маулен» және «Пульс» сауықтыру кешені, «Болашақ» колледжі, Ырғыз, Байғанин, Әйтеке би аудандары, «Жастар», М. Оспанов атындағы БҚММУ, Ақтөбе қорытпа зауытының құрама командалары қатысты. Бірінші күні гір спортынан (классика) жарыс өтті. Біздің студенттер қатысып, төмеңдегідей нәтиже көрсетті: 68 келіге дейін салмақта І орын – А. Шамгонова 516 А ЖМ; 63 келіге дейін салмақта І орын – Ж. Кусаинова 310 Б ЖМ; 78 келіге дейін салмақта І орын – Д. Махатов 308 А ЖМ; Екінші күні қол күрестен жарыс әйелдер арасында өтті: 55 келіге дейін салмақта І орын – Р. Букушева 204 МПІ; 60 келіге дейін салмақта І орын – А. Бахитханова 105 Стом.; 70 келіге дейін салмақта І орын – А. Казбулатова 319 А ЖМ; ІІІ орын – Г. Шанкалова 316 А ЖМ; +80 келі салмақта ІІІ орын – Э. Жумагулова 222 Б ЖМ; Ерлер арасында: 60 келіге дейін салмақта І орын – А. Елеугалиев 302 А ЖМ; 65 келіге дейін салмақта І орын – Б. Елеусинов 308 Б ЖМ; 70 келіге дейін салмақта І орын – А. Мергазиев 315 А ЖМ; 90 келіге дейін салмақта ІІ орын – Д. Ажгалиев 321 Б ЖМ. Дене тәрбиесі кафедрасының басшысы Ж. Айпеисов және «Сұңқар» спорттық клубының жетекшісі Д.А. Абрамов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың бапкер-оқытушылар М.С. Науановты, Г.К. Жетписбаев пен А.М. Байтасовты құттықтайды.
2016 жылы 16-19 мамыр аралығында Марат Оспанов атындағы БҚММУ №2 спорттық залында Шағын футболдан «Жалпы медицина» деканының кубогі өтті. Жарыстың мақсаты: 1.     Президентіміздің «Қазақстан 2050» бағдарламасын және ҚР-да бұқаралық спортты дамытуды насихаттау. 2.     Университеттің спорттық өміріне оқытушылар мен студенттерді тарту. 3.     Салауатты өмір салтын насихаттау. 4.     Университетіміздің мықты шағын-футболшыларын анықта.у 5.     Университет студенттері арасында шағын-футболды насихаттау. Жарысқа 8 команда қатысып, екі топқа бөлінді, әр топта төрт командадан болды. «А» тобына 6-курс, 3-курс, 1-ші және 2-курс студенттері кірді, «Б» тобына 4-курс, 5-курс, 7-курс және оқытушылар кірді.    «А» тобы  «Б» тобы І орын 6 курс 4 курс ІІ орын 3 курс 5 курс ІІІ орын 1 курс 7 курс ІV 2 курс оқытушылар   Әр топтан екі команда жартылай ақтық сынға шықты. Төрт команда өзара бақ сынады, «А» тобынан 1-орын 6-курс, 2-орын 3-курс, «Б» тобынан 1-орын 4-курс, 2-орын 5-курс. 6-курс студенттері 5-курс студенттерімен ойнап, 5-курс студенттері жеңіске жетіп, ақтық сынға өтті. 3-ші және 4-курс студенттерінің ойынында 3-курс алға шықты. Ақтық сында 5-ші және 3-курс студенттері өзара кездесті. Жарыстың қорытындысы: І орын – 5-курс ІІ орын – 3-курс ІІІ орын – 6-курс Факультет деканаты жақсы ойын көрсеткен шағын-футболшыларды марапаттады. Олар: қақпашы П. Жоламанов 515 Б ЖМ, қорғаушы А. Амирашев 422 ЖМ, футболшы Ы. Әскербеков интерн. Көрермендер көзайымы болған жартылай қорғаушы, студент А. Кулжан 317 Б ЖМ және қақпашы П. Жоламанов 503 А ЖМ ие болды.